Accessibility links

«Қазақстан кәсіпкерлері және базарлары қауымдастығының кәсіподағы» базарлардағы кәсіпкерлер құқын қорғамақ


«Қазақстан кәсіпкерлері және базарлары қауымдастығының кәсіподағы» елдегі базарларда саудамен айналысатындардың кәсіпкер ретіндегі мәртебесі заңдық тұрғыдан қорғалмай, бірқатар құқықтары бұзылып келеді деген ұстанымдарын білдіріп отыр. Олардың пікірінше, бұл жағдай базарлардағы кәсіпкерліктің дамуына тосқауыл болуда.

Алматы базарларында сауда-сатықпен айналысып келе жатқанына бес жылдан асқан кәсіпкер Нұрболсын Қайыпназаров базар басшыларының кәсіпкерлерге тек салық төлеуші ретінде ғана қарауы қазіргі уақыт талабына сәйкеспейтіндігін айтады. Оның пікірінше, ендігі жағдайда сауда базарлары мен дүкендері, сауда үйлері мен кешендерінің әкімшіліктері өз кәсіпкерлеріне іскерлік байланыстағы әріптес ретінде қарап, олармен жеке кәсіпкер ретінде келісім-шарттар жасасып, барлық заңдық құжаттарды қалыпқа келтіру қажет. Бұл өз кезегінде ел базарларының өркениетті талаптарға жауап беріп, ал кәсіпкерлердің істерін дамытуына жаңа мүмкіншіліктер ашпақ.

Дегенменде базар басшыларының мұндай қадамдарға баруға құлықсыздық танытып отырғаны өз тәжірибесінен байқағанындай бұл тек сол базар әкімшіліктерінің өз пайдаларын ғана ойлап отырғандығы. Одан мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де ұтылып отыр дейді Нұрболсын Қайыпназаров.

Осы ретте ел базарларындағы кәсіпкерлердің құқын қоғау үшін құрылып отырған «Қазақстан кәсіпкерлері және базарлары қауымдастығы кәсіподағының» төрағасы Жібек Әжібаева қазіргі жағдайда базарлардағы кәсіпкерлердің мүмкіндігі шектеулі болуына базар әкімшіліктері мүдделі дейді.

«Қазақстан кәсіпкерлері және базарлары қауымдастығы кәсіподағының» кеңесшісі Анатолий Владимиров базар әкімшіліктері өз жауапкершіліктерін жете сезінбей және кәсіподақтардың талаптарына құлақ аспай бұл ретте өрескел заң бұзушылықтарға барып отыр дейді.

Дегенменде экономист маман Айгүл Жансерікова базарлардағы саудамен айналысатын кәсіпкерлердің тұтынушылардың құқын бұзатын оқиғалары жиі кездесетіндігін айтады. Ал, «Қазақстан кәсіпкерлері және базарлары қауымдастығы кәсіподағының» төрағасы Жібек Әжібаева басты мақсаттары базар басшылары мен кәсіпкерлердің арасындағы теңдік пен іскерлік әріптестікті дамыту дейді. Және де ол базар басшылары талаптарына құлақ аспаған жағдайда ел үкіметіне шағымданатындықтарын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG