ТЕҺРАН. Бүгін Иранның Хузистан өлкесіндегі жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 50-ден аса адам тұтқындалды. Иранның барлау қызметінің істері бойынша министрі Гулям-Хуссеин Мохсанидің мәлімдеуінше, ұсталғандардың барлығы да Иранның “сыртқы жауларымен” ауыз жаласқан көрінеді. Соңғы бірнеше айда Хузистан өлкесінің астанасы – Ахваз қаласында бірнеше жарылыс болды. Ресми Теһран бұл жарылыстардың соңында Ирақта орналасқан британ әскерилері тұр деп мәлімдеді. Ресми Лондон оны түбегейлі жоққа шығарды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
AzattyqTV