БАҒДАД. Бүгін Бағдадтың батысындағы 2 ауданда полиция күзетінің жолында 2 жарылыс болып, бірақ одан кем дегенде 2 бейбіт тұрғын қаза тапты және тағы 8 кісі жараланды. Ирақтағы АҚШ күштерінің басшылығы Әл-Анбар өлкесіндегі қақтығыста 2 жауынгерінің оққа ұшқанын хабарлады. Бағдад қаласындағы жеке-меншікті күзет агенттігінің 50 қызметкерінің тағдыры әлі беймәлім. Оларды кеше полицейше киінген қарулы топ тұтқындап алып кетті. Кеше, сондай-ақ, Бағдадтың батысында денелерінде қинап, зорлаудың іздері бар 18 ер кісі мен ұл баланың өлігі табылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы