Нью-Йорк. Құқық қорғаушы ұйым Журналистерді Қорғау Комитеті «Азаттық» радиосының Түркіменстандағы екі тілшісінің қамауға алынғанына үлкен алаңдаушылық танытты. Мерет Хомадов пен Жумадурды Овезовті полиция 7-ші наурыз күні қамауға алған. Билік олардың қандай негізде ұсталғанына түсінік беруден бас тартып отыр. Құқық қорғаушылар «Азаттық» радиосы Түркіменстандағы жалғыз тәуелсіз ақпарат көзі деп мәлімдеді. «Азаттықтың» президенті Джефф Тримбл, журналистерді заңсыз қудалау, адам құқығы мен сөз бостандығын өрескел бұзу болып табылады деген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV