Accessibility links

Иран мәселесі бойынша келіссөздер өткізу қажет деген Ресейдің ұсынысына АҚШ қарсы болды


Бұл жөнінде хабарлаған АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Николас Бернс Иран мәселесі алдағы аптада Қауіпсіздік кеңесінде талқыланады деді. Бұл арада жұма күні президент Буш Иранның ядролық бағдарламасы АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздігіне төнген үлкен қатер, деді.

- Иран президенті бізге одақтас ел - Израилді жоямыз дейді. Ахмединежаттың ядролық қаруды дамыту жөніндегі сөзін естісең ұлттық қауіпсіздік мәселесі бірден мазалай бастайды, - деді Дж.Буш.

Кеше БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 5 тұрақты мүшесі – Британия, Қытай, Франция, Ресей және АҚШ Ирандағы ядролық дағдарыс жөнінде 2-ші талқылауды өткізді.
XS
SM
MD
LG