Accessibility links

Бағдадта тағы бір ирақтық журналисті өлтіріп кетті


Бағдад. Бүгін Ирақтың жергілікті “Әл Ирақия” телеарнасының редакторы Амджад Хамидті Бағдадта өлтіріп кеткен. Бұл телеарнаның хабарына қарағанда, Хамид Бағдад орталығындағы өз үйінен шығып көлігіне бара жатқанда, қарулы адам жолын бөгеп оның басынан атып кеткен. Хамидтің жүргізушісі бұл шабуылдан жараланған. Бұл осы апта ішінде Ирақ журналисін өлтірген екінші оқиға. Наурыздың 7-сінде, Бағдад қалалық телеарнасының жүргізушісі Мансуф Абдуллах әл Халдиді де біреулер атып кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG