Accessibility links

Мадридте екі жыл бұрын пойыз бекетіне жасалған шабуылдың құрбандары еске алынды


Мадрид. Бүгін Испания Мадридте 191 адамның өмірін қиып, 1 500 кісі жараланған террорлық шабуылдың екі жылдығына байланысты еске алу шараларын өткізуде. Шабуыл жасаушылардың туған жері делінген Мороккодан 70 кісілік делегация бүгін таңертең қолдарына Морокко мен Испания туларын ұстап Мадридтегі Аточа пойыз бекетіне келіп жетті. Олар 2004 жылы 11-ші наурызда бомбалық шабуылдар болған бұл жерде үнсіздікпен тұрып, қаза болғандардың рухына тағзым етті. Сол сияқты Мадридтің басқа жерлерінде де осындай еске алу шаралары өтті.
XS
SM
MD
LG