Accessibility links

Ирақтағы американдық тұтқын өлтірілді


Зальцбург. Бүгін Австрияда Еуропа Одағының басқаосуына қатысып жатқан Британия сыртқы істер министрі Джек Стро Ирақтағы Америка тұтқыны Том Фокстың өліміне қайғырғанын мәлімдеді. Ол Фокстың өлімі тұтқында қалған үш христиндық бітімгершілік белсенділерінің тағдырына алаңдаушылықты күшейтті деген. Бүгін таңертең Ирақта осыған дейін тұтқындалған христиандық ұйым белсенділерінің бірі Том Фокстың мәйіті табылды. Ирақ ішкі істер министрлігі Фокстың қолы байланып, денесі мен басында ауыр жарақаттар болғанын айтты. 54 жасар Фокс пен оның үзеңгілестерін өткен жылы қараша айында өздерін “Әділеттіліктің қылышы” атайтын топ ұрлап әкеткен еді. Фокстың қалған үш жолдасын тұтқынға алғандар, егер Ирақ түрмелеріндегі сотталғандар босатылмаса оларды да өлтіретіндерін мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG