Accessibility links

Ресей Иранның ядролық бағдарламасы бойынша наурыздың 20-сында жаңа қосымша келіссөздер жүргізу қажет деген ұсыныс айтты.


Батыстық бір дипломаттың Ассошейтед пресс агенттігіне айтуынша, бұл мәселеде Ресей АҚШ, Қытай, Франция және Британиямен жоғары деңгейде жаңа талқылаулар жүргізбек. Оған МАГАТЭ басшысы Ел-Барадей де қатысуы қажет дейді, Ресей. Ал осыған дейін АҚШ Ресейдің мұндай ұсынысына қарсы шығып, Иран мәселесін енді БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне тапсыру қажет деген болатын. Иран İшкі істер министрі Пурмұхаммад кеше, егер Қауіпсіздік кеңесі Иранға санкция жариялайтын болса онда әлемді мұнаймен қамтамасыз ету қауіп астында қалады деп ескертті.
XS
SM
MD
LG