Accessibility links

Бағдатта күш қолданулар кесірінен кем дегенде бүгін 10 адам қаза болған


Бағдаттың батысындағы АҚШ әскери патруліне жақын маңда болған жол шетіндегі бомбалық жарылыстан 6 адам қаза болып, кем дегенде 13-і жараланған. Америкалықтар тарапынан шығындардың бар, жоқтығы жөнінде шұғыл хабар бола қойған жоқ. Басқа да жағдайларда тағы 4 адам қаза болған. Бағдаттағы ірі ауруханалардың бірі Ярмоукқа түні бойы кем дегенде 20 адамның мәйіті жеткізілген екен. Олардың көпшілігі оққа ұшқан боп шықты.
XS
SM
MD
LG