Accessibility links

Ирақтағы бомбы шабуылдары жалғасып, ондаған адам қаза тауып, көбі жарақат алды


Ирақ астанасында және бірқатар өзге қалаларда дүйсенбі күні болған бомба жарылыстарында кемінде 5 адам, олардың біреуі американдық сарбаз, қаза тауып, 30 шақты кісі жарақат алған. Ал одан бір күн бұрын 46 кісі мерт болып, 200-дей адам жарақат алған еді. Президент Талабанидің айтуынша, лаңкестер өз қылмыстары үшін жаңа үкімет құру науқаны кезіндегі екі аралықтан пайдаланып отыр. Ал Шииттер жетекшісі Моқтада Ас-Садр ол шабуылдар үшін Әл-Қайда мен АҚШ күштерін айыптап, өзара бірлікке шақырған. Бұл арада БиБиСи-дің хабарына қарағанда, Британия өзінің Ирақтағы 800 әскерін елге қайтармақ.
XS
SM
MD
LG