Accessibility links

Слободан Милошевичтің мәйіті өз отбасына беріліп, Белградта жерленбек


БҰҰ-ның соғыс қылмыстары бойынша трибуналы Сл.Милошевичтің мәйітін өз отбасына бермек. Сондай-ақ, Милошевичтің адвокатының айтуынша, бұрынғы Югославияның және Сербияның бұрынғы президентінің жерлеу рәсімі Белградта өтпек. Сербия президенті Борис Таджичтің айтуынша, 1990-жылдардағы Балқан соғыстарындағы геноцидтік қылмыстары үшін Гаага сотында қаралған Милошевич үкіметтік ресми салтанатпен жерленбейді. Сондай-ақ, Ресейден саяси баспана алған оның жесірі Марияна Маркович Сербияға келетін болса тұтқындалуы мүмкін екен. Халықаралық трибуналдың жексенбі күні кешке хабарлағанындай, дәрігерлік алғашқы сараптама жасы 64-тегі Милошевичтің жүрек талмасынан, түрмедегі камерасында қайтыс болғандығын анықтаған.

- Паталог дәрігерлердің анықтауынша, Милошевич инфаркт миокардтан қаза тапқан, - дейді Трибунал өкілі Александра Миленов.

Милошевичтің адвокаты Томановичтің айтуынша, Милошивичтің ұлы Марко әкесінің сүйегін алып кетуге Гаагаға келуге рұхсат сұраған. Голландиялық дәрігер токсикологтың айтуынша, Милошевич Ресейге кетіп емделу үшін рифампицин деген дәрі ішкен болуы керек. Ал Ресей сыртқы істер министрлігі Милошевичтен хат алғандығын растап отыр. Ол хатта Милошевич Ресейге барып ем алуға рұхсат сұрап өтініш жолдапты.
XS
SM
MD
LG