Accessibility links

С.Милошевичті жерлеуге келген оның жесірі Мириана Сербияда тұтқындалмай ма?


ГААГА. Марқұм болған С.Милошевичтің ұлы - Марко әкесінің сүйегін алып кету үшін бүгін Мәскеуден Гаага қаласына ұшып келуге тиіс. С.Милошевичтің отбасы марқұмның сүйегін Белградта жерлемекші. Алайда Сербия президенті Борис Тадич Халықаралық Гаага трибуналы тарапынан әскери және адамзатқа қарсы қылмыстар істеді деп айыпталған экс-президенттің мемлекет жағынан салтанатты түрде жерленбейтінін деп мәлімдеді. Милошевичтер отбасының адвокаттары Белград сотынан экс-президенттің жесірі Мириана Милошевичтің ерін жерлеуге келгенінде тұтқындалмауына кепілдік беруін өтінді. Ресейдің 4 дәрігері Милошевичтің мәйтінін қарап көру үшін Голландияға беруға виза алды. Голландиялық токсикологтар осыдан 2 апта бұрын марқұмның қанынан тіпті өзге дәріні - өте күшті антибиотикті аңғарғанын мәлімдеді. Бұл дәрмек – Милошевичтің жүрек талысынан емделуіне бөгет болған көрінеді.
XS
SM
MD
LG