Accessibility links

Израиль әскері Джерихо түрмесіне шабуыл жасап кірді


Израиль әскері Батыс Жағалаудағы Джерихо қаласында орналасқан түрмеге шабуыл жасап, ішіне кірді. Палестиндік тұтқындар берілсін деп талап қойылып отыр. Оқиға жерінде болған Израиль офицері түрме ішінде 200 палестиндік бар, олар не берілу керек, не өлтіріледі деді. Шамамен 44 палестиндік тұтқын Израиль әскеріне берілді деп айтылады. Олардың арасында Израиль министріне шабуыл жасаған жауынгерлер бар көрінеді. Палестина президенті Махмұд Аббас түрмеге жасалған шабуылға сөгіс айтты, АҚШ пен Британия түрмедегі бақылауларын жөнсіз доғарды деп сын айтты.
XS
SM
MD
LG