Accessibility links

Ресей үш Беларус оппозициялық газеттің үнін өшірді


Ресейдің Смоленск баспаханасы үш Беларус оппозициялық газетті басу келісімдерін бұзып, газеттер уақытша тоқтап қалды. Беларус оппозициялық газеттерін ел баспаханалары мұның алдында алмай қойған. Смоленск баспаханасының бастығы Анатолий Гучев келісімдер экономикалық және саяси себептерден үзілді дейді. "Народная воля" оппозициялық газеті редакторының орынбасары Светлана Калинкина Беларус үкіметі Ресей билігімен сыбайласып, іс тындырып жатыр деп мәлімдеді. 19 наурызда Беларуста президенттік сайлау өтеді.
XS
SM
MD
LG