Accessibility links

Аятолла Әли Хаменеи: БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі қандай Қарар қабылдамасын, Иран ядролық ізденісінен бас тартпайды


НЬЮ-ЙОРК. Иранның “ядролық бағдарламасы” туралы бірлескен құжат қабылдау үшін БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болып табылатын 15 елдің өкілдері кеше Нью-Йоркте бейресми түрде бас қосты. 15 елдің елшілері – Иранды ядролық ізденістерін доғарып, ядролық қару жасау ниетінің жоқтығына халықаралық қоғамның көзін жеткізуге шақыратын құжаттың жобасын талқылауда. Ресей мен Қытай Қауіпсіздік Кеңесте Иранға қарсы жаза қолдану қарастырылған құжатты қолдамай, Иранмен арадағы келіссөзді жалғастыра беру керек деп отыр. Қауіпсіздік Кеңеске мүше елдердің келіссөзі әлі жалғасады. Кеше Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи Теһранның ядролық бағдарламасынан бас тартпайтынын деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG