Accessibility links

БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Израильді емес, Палестинаны тыныштыққа шақырады


НЬЮ-ЙОРК. Израиль әскерінің Палестина жеріндегі түрмеге шабуыл жасауы мен оған есе қайтару үшін палестиналықтардың Батыс елдерінің азаматтарын ұрлауына байланысты БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Палестина жағын тынышталуға шақырды. Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңес Палестина жағынан кеше ұрлап алып кеткен барлық шетел азаматын дереу босатуды талап етті. 10 шетелдікке қоса бүгін тағы 3 адам тұтқынға алынған көрінеді. Қауіпсіздік Кеңестің мүшесі болып табылатын Қатар елі Израиль әскерінің Палестина түрмесінен жаугер топтың мүшесі мен оның сыбайластарын тұтқындау мақсатындағы кешегі шабуылына қарсылық білдіретін Қарар қабылдауды ұсынып, оған АҚШ пен бірқатар басқа ел қарсы болды. Израиль әскерінің Иерихон қаласындағы Палестина түрмесіне кешегі шабуылы кезінде кем дегенде 2 палестиналық қаза тапты.
XS
SM
MD
LG