НЬЮ-ЙОРК. БҰҰ-ының Ауғанстандағы арнаулы өкілі Том Кенигстің мәлімдеуінше, Талибан жасақтарының қайта бас көтеруі – Ауғанстанға төнген ең үлкен қатер. Кеше БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген Т.Кенигс Ауғанстанның әсіресе алыс аудандарында ресми билік мекемелерінің әлсіздігін, сондықтан да елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ең үлкен проблема болып отырғанын атап көрсетті. Журналистер алдында ол: “ең басты міндет – тәліптердің Ауғанстандағы ахуалды шайқауына жол бермеу”, -деп атап көрсетті. Сонымен қатар Т.Кенигс Қауіпсіздік Кеңестен ауған үкіметінің алыс аудандардағы билігін нығайту мақсатында БҰҰ-ының Ауғанстандағы миссиясын ұзартуды өтінді. Миссияның мандаты 24-інші наурызды аяқталады.
БҰҰ-ының Ауғанстандағы өкілі Қауіпсіздік Кеңестен БҰҰ-ы миссиясының мандатын ұзартуды сұрайды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?