Accessibility links

Сербиялықтар бұрынғы президент Слободан Милошевичпен қоштасуда


Белградқа әкелінген бұрынғы Югославия, Сербияның бұрынғы президенті Слободан Милошевичтің мәйіті жұрттың қоштасуы үшін екі күнге қойылды. Ол үшін Милошевич бір кезде тұрған Дединйе қалашығындағы шағын музей үйі таңдалған. Бұл шағын музей кезінде Югославияның жетекшісі болған Иосиф Брос Титоға арналған болатын. Милошевич сенбі күні өзі туып өскен Позаревач кентінде жерленбек. Халықаралық топпен бірге Медициналық сараптамада қатысқан ресейлік дәрігер Милошевичтің жүрек талмасынан қайтыс болғанын растағанымен, егер оны Ресейге емдеуге алып барғанда аман алып қалуға болар еді деген ой айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG