Accessibility links

Бүгін Гаага трибуналы С.Милошевичтің қайтыс болуы себептерін талқылауға тиіс


БЕЛГРАД. Кеше Белградта марқұм Слободан Милошевичпен қоштасуға бірнеше мың адам келді. Югославияның экс-президенті Милошевичтің табыты Белградтағы Төңкеріс мұражайына қойылды. Ол – Гаага трибуналының түрмесінде отырған кезінде 11-інші наурыз күні жүрегінің тоқтап қалуынан қайтыс болды. С.Милошевич өзінің туып өскен Пожаревац қаласында ертең жерленеді. Бүгін Гаага трибуналы оның қайтыс болуы себептерін талқылауға тиіс. Онымен қоштасу үшін Төңкеріс мұражайына келгендердің бірі:

“Мен Слободанды ақырғы сапарына шығарып салу үшін таңертең Косоводан келдім. Мен жерлеуге де барамын. Джинджичтің кім екенін мен білмеймін. Бірақ С.Милошевичтің кім болғанын жақсы білемін”, - деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG