ВАШИНГТОН. “Америка Құрама Штаттарындағы ұлттық қауіпсіздік Стратегиясының” қайта қаралған нұсқасында Иран АҚШ-қа ең зор қатер төндірген ел ретінде қарастырылып, қажет болған жағдайда АҚШ оған қарсы күш қолдануы мүмкін екенін тағы да растайды. 49 беттен тұратын бұл құжатта президент Дж.Буштың Американы қалай қорғайтын және АҚШ-тың басқа елдермен арадағы қарым-қатынасын қалай дамытатын жоспары көрсетілген. Бұл президент Дж.Буштың 2002-нші жылы жариялаған стратегиясының өзгертілген нұсқасы. Онда терроризмге және АҚШ-қа жау мемлекеттерге қарсы тойтарыс беру - ең басты міндеттер ретінде қарастырылған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты