Accessibility links

Чехия мен Польшаның экс-президенттері А.Лукашенконы Еуропаның ең соңғы диктаторы деп санайды


ФРАНКФУРТ. Чехия мен Польшаның бұрынғы президенттері Вацлав Гавел мен Лех Валенса халықаралық қауымдастықты Беларуссияда осы жексенбіде өтетін президент сайлауында оппозицияның негізгі үміткері Александр Милинкевичке жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды. "Frankfurter Algemeine Zeitung" газетінің бірінші бетінде Гавел мен Валенса А.Лукашенконың үстемдігі кезінде Беларусь халқы өзінің болашағын еркін қалай алмайды деп атап көрсетті. 2 экс-президенттің жазуынша, “Милинкевич – Беларуссияны демократияға жетелей алатын еуропалық көзқарастағы саясаткер” болып табылады. Гавел мен Валенса: “Лукашенконың режимі – көрші орналасқан ең соңғы демократиялық емес билік” деп мәлімдейді.
XS
SM
MD
LG