Accessibility links

Көмірсутегінің 21-ғасырда да негізгі қуат көзі болып қалатынын “Үлкен сегіздік” мойындады


МӘСКЕУ. “Үлкен сегіздікке” мүше елдердің энергетика министрлері кеше Мәскеудегі 2 күндік келіссөзін аяқтады. Оның басты тақырыбы - әлемнің энергетикалық қауіпсіздігі проблемасы болды. Қорытынды құжатта тараптар қуат көздерімен тұрақты қамтамасыз ету - дүниежүзі экономикасының дамуында шешуші рөл атқаратын атап көрсетті. Құжатта, сондай-ақ, мұнай мен газдың 21-інші ғасырда да негізгі қуат көзі болып қалатыны көрсетілді. Бұл жиынға мұнай экспорттаушы елдердің ОПЕК ұйымы мен Үндістан және Қытайдың өкілдері бақылаушы ретінде қатысты.
XS
SM
MD
LG