Accessibility links

Күн сайын әлемде 1 млн астам адам судан тапшылық көріп, 35 мыңы шөлден өледі


МЕХИКО. Мексика астанасында 4-інші Дүниежүзілік су форумы ашылды. Жер шарындағы су қорының болашағына арналған халықаралық конференция әрбір 3 жыл сайын өтіп тұрады. Алдағы аптада мыңдаған сарапшы мен саясаткер суды дұрыс бөлісу мен ысыраптамай пайдалану шараларын талқылайтын болады. Кеше форумға жолдаған сөзінде Мексика президенті Висенте Фокс ас суға мұқтаж халықтарды сумен қамтамасыз етудің жолдарын тізіп келтірді. Қазір бүкіл әлемде 1 миллионнан астам халық ас судан тапшылық көріп, күн сайын оның 35 мыңы шөлден өлуде. Белсенділер тобы Мехико форумында суды жекешелендіруге қарсылық білдірмекші.
XS
SM
MD
LG