БҰҰ-ның Гаагадағы халықаралық трибуналы 11-наурызда қайтыс болған Слобадан Милошевичтің мәйітіне жасалған токсикологиялық тексеру нәтижесі оның ағзасынан қандай да бір дәріден немесе басқа заттан улану белгілерін таппағанын мәлімдеді. Югославияның экс-президентінің табыты Белградтағы Революция мұражайына қойылған, онымен қоштасу жалғасып жатыр. Милошевич сенбі күні туған қаласы Пожаревацта жерленеді. Гаагадағы халықаралық трибуналда адамзатқа қарсы қылмыс жасады деген айыппен ісі қаралып жатқан бұрынғы Югославияның экс-президенті 11-наурыз күні дүниеден өткен болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?