Ол үш күндік сапары барысында Ирақтағы Британия жасақтарын аралап жүр. Бүгін кешке қарай Британия министрі Ирақтың саяси жетекшілерімен кездеседі. Британия Ирақта орналасқан 8 мың әскерін мамыр айына қарай 10 процентке қысқартамыз деп жариялаған болатын. Өткен желтоқсан айында сайланған Ирақтың жаңа парламенті осы бейсенбіде бірінші сессиясына жиналғанымен, онда Ирақ басшылары үкімет құру келісіміне келе алған жоқ.