Кеше БҰҰ-ындағы АҚШ елшісі Джон Болтон Иранға қатысты Франция мен Британия ұсынған қарар жобасы талқыланып, оны АҚШ қолдады деген болатын. Алайда, бұл қарар жобасының кейбір тұстарына Ресей мен Қытай наразылық білдірген. Атап айтқанда, ол МАГАТЭ басшысы Мохаммед Елбарадей Иранның ядролық бағдарламасы жайында жаңа баяндамасын екі апта ішінде дайындасын деген бапқа қатысты болып отыр. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесінің екеуі - Қытай мен Ресей бұл он төрт күндік мерзімнің тым аз екендігін алға тартқан.