Accessibility links

Өзінің 160 млн доллар қарызын өтемесе Украина түркімен газынсыз қалуы мүмкін


Түркіменстан Украинадан газ отыны бойынша берешегін өтеуді талап етіп, басқаша жағдайда газ тасымалының тоқтап қалуы мүмкін деп ескертті. Қазір Киевтің Ашхабадқа қарызы шамамен 160 млн долларға тең. Түркмен сыртқы істер министрлігі өзінің интернет-парақшасында берілген мәлімдемесінде Украина үкіметінің Ашхабадқа келетін сапарын кейінге ысыруына наразылық білдіреді. Осы сапардың барысында қарызды өтеудің кестесін жасау көзделген болатын. Ресеймен арадағы жыл басында болған “газ жанжалынан” кейін Украина түркімен газының есебінен Ресейден тәуелсіз болуға тырысып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG