Accessibility links

А.Аллауи: Ирақта азамат соғысы жүріп жатыр, ол бүкіл әлемге қатер болып төнуі мүмкін


Ирақтың бұрынғы премьер-министрі Айад Аллауи қазір Ирақта азамат соғысы өтіп жатыр деп санайды. Би-Би-Си-ге берген сұхбатында Ирақтың белгілі діни саясаткері Батыс лидерлерін Ирақтағы осы ахуалға көз жұмып қарауға болмайтынын ескертті. Айад Аллауидің пікірінше, осы күні Ирақта сүнниттер мен шийттердің арасындағы өршіп бара жатқан сектааралық жанжал аймаққа ғана емес, бүкіл әлемге қатер төндіреді. Соңғы кезде Ирақтағы сүнниттер мен шийттердің арасы күрт суып кетті. Күнделікті шабуылдар мен жарылыстардан 10-даған халық қырылуда. Ирақтың Әс-Самарра қаласының маңайында АҚШ пен Ирақ әскерлерінің бүлікшілерге қарсы ауқымды соғыс қимылдары үшінші күн жалғасуда. Қазір 80 экстремист қолға түсті.
XS
SM
MD
LG