Accessibility links

Президент сайлауы барысында жаппай заңсыздыққа жол берілгені туралы хабар түсіп жатыр


Беларуссиядағы бүгінгі президент сайлауы заңға сай өтті деп ресми хабарланды. Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметі бойынша, сайлаушылардың 50 пайыздан астамы дауыс берген. Президенттікке қазіргі президент А.Лукашенко, демократиялық оппозицияның негізгі үміткері А.Милинкевич, оппозицияның тағы бір өкілі А.Козулин және парламенгт депутаты Сергей Гайдукевич түсіп жатыр. Сайлаудың қарсаңында А.Милинкевич өзінің қолдаушыларын:

“Президенттерді алаңдарда сайламайды. Бірақ біз “Бұрмалаушылыққа, өтірік пен жалғанға “Жоқ!” деп айту үшін алаңдарға шықпақшымыз. Біз абыроймен өмір сүргіміз келеді. Ақыр аяғында біз – адамбыз ғой!” – деп, бүгін кешкісін Минск көшелеріне шығуға шақырды.

Біздің тілшілеріміздің хабарлауынша, дауыс беру барысында жаппай заңсыздыққа жол берілгені туралы мәліметтер түсіп жатыр.
XS
SM
MD
LG