Accessibility links

Шийттерге қарсы атылған 3 зымыранның бірі де халыққа зиян тигізген жоқ


КАРБАЛА. Бүгін Ирақтың мыңдаған шийт жиналған киелі Карбала қаласына қарай үш зымыран атылды. Жергілікті әкім Ақыл Хазалидің айтуынша, зымыранның бірі Карбалаға жетіп түссе, қалған екеуі құмға асып жарылған. Жапа шеккен ешкім жоқ. Мухаммед пайғамбардың немересі - Хусеин имамды жоқтайтын 40-ыншы және ақырғы күнін атап өту үшін мыңдаған шийт жиналған Карбала қаласын сүнниттердің соққысынан қорғау үшін мыңдаған полиция қоршап тұр. Жоқтау шарасы ертең басталады. Өткен жылы Карбаладағы “Ашура” кезінде түрлі шабуылдан 181 адам құрбан болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG