Баспаналары құлатуға жатқызылған Алматының іргесіндегі Шаңырақ, Әйгерім, Көкқайнар сынды елді-мекен тұрғындары наурыз айынан бері дүрлігудің үстінде. Өйткені, осы аталған елді-мекендердегі заңсыз салынды деп табылған баспаналардың кейбірі наурыздың 10-ы күні тапа-тал түсте қиратылған болатын. Содан бері тұрғындар баспаналарын сақтап қалудың амалын қарастыруда. Бүгінгі наразылық шарасы да осындайдан туындап отыр.
Әйгерім елді-мекенінің Қасымбек Байжанұлы есімді тұрғыны 2000 жылы аты-жөні белгісіз жеке азаматтан 6 сотық жерді сатып алып, өз бетінше үй тұрғызады.
“Үй салып біткенше ешкім келіп, мына үйің заңсыз деп айтқан жоқ. Бүкіл қаражатымызды жұмсап салып болғаннан кейін “газ құбыры жүреді” деген бір пәле шықты. Сөйтіп, халықты тоз-тоз қылып мына жерде 18 үйді қиратып тастады. 6 жылдан бері үйім тұрған жердің мемлекеттік актысы жоқ отырмын”, - дейді Қасымбек.
Қасымбектің бұл сөзіне басқа тұрғындар да қосылып отыр.
“Үйімізді бұзамыз дегенге қарсымыз. Өйткені, 15 жыл пәтерде тұрып баспананың тауқыметін тарттым. Біз қашанғы екінші сортты адам боламыз өз жерімізде?” – дейді СәулеТұрланова есімді келіншек.
Тұрғындар мәселені шешіп беруді сұрап, Алматы әкімшілігіне де шағымданған.
“Қалалық әкімшілік былтырғы жылдың соңына дейін, яғни президент сайлауы өткенге дейін мәселе оң шешіледі деп уәде берген болатын. Әкімнің орынбасары Заяц біздің адамдарды қабылдап, олардың арқасынан қағып “уайымдамаңыздар” деп шығарып салған болатын. Біз соған сендік. Қала әкімі И.Тасмағанбетовтің өзі де осында келіп, өз аузынан уәдесін Берген еді. Ал көктем шығысымен бәрін шырқыратып қуып жатыр. Өткен жұмада жолдың арғы бетін қиратып кетті. Ал ендігі кезек бізге келіп тұр. Қайдан келгенін білмейміз, Ержан Әбдіхалықов деген біреу “біз осы күн жылынғанға дейін тостық. Үйдің бұзылатынын ескертіп келдік. Енді ешнәрсені де күте алмаймыз. Адам тұратын, тұрмайтын үйдің барлығын дүниесін лақтырып тұрып бұзамыз деп ескертті”, - дейді Гүлмира Ашықбаева есімді тұрғын.
Тұрғындардың осы наразылықтарына орай, «Азаттық» тілшісінің сұрағына қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіндегі өз аты-жөнін айтудан бас тартқан маманы «бұл мәселеге жауап беретін адам жоқ, басшылардың бәрі наурыз мерекесіне дайындықпен жүр” деп жауап берді.
Ал айдың күні аманда баспанасы бұзылып далада қалайын деп жатқан Әйгерім елді-мекенінің тұрғындары баспаналары бұзылатын болса өз-өзін жағуға әзірленіп отырғанын айтты.
“Қандай жау келмесін мен өз үйімді ешкімге бермеймін. Мен сол трактордың астына түсіп өлуге бармын. Бірақ, үйімді бұзғызбаймын”, - дейді Гүлмира Ашықбаева есімді тұрғын.