Accessibility links

“Құс тұмауының” адамға қауіпті вирусы Қазақстанға да жетті


Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев Каспийдің жағалауындағы Маңғыстау облысынан аңғарылған аққудың өлігіндегі “құс тұмауы” вирусының адамға аса қауіпті Н5N1 вирусы екенін мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігіне қарайтын ветеринарлық қызметтің басшысы Асылбек Қожамұратов өлген құстан адамға аса қауіпті Н5N1 вирусы аңғарылғанын растады. Министрліктің хабарлауынша, үй құстарын осы дертке қарсы дәрімен жаппай егу науқаны Атырау және Маңғыстау облыстарында жалғасуда. Өткен жылы Қазақстанның солтүстігінде Н5N1 вирусының ошағы табылып, мамандар оны дереу залалсыздандырған болатын.
XS
SM
MD
LG