Ирақтағы соғыс төртінші жылға кетті. Осыдан 3 жыл бұрын дәл осы күні таңсәріде АҚШ бастаған коалицияның әуе күштері Ирақты бомбалай бастап, ақыр аяғында С.Хусеиннің билігін құлатты. Кеше АҚШ әкімшілігі мен армия басшылығы Ирақтың экс-премьер-министрі Айад Аллауидің елде азамат соғысы басталды деген пікірін жоққа шығарды. Президент Дж.Буштың мәлімдеуінше, Ирақта жеңіске жетіп, оны қауіпсіз әрі бейбіт елге айналдыру стратегиясы жүзеге асырылды. Сонымен қатар Дж.Буш Ирақтағы сүнниттер мен шийттердің және күрдтердің саяси лидерлерін соңғы парламент сайлауынан 3 ай өткен соң жаңа үкіметті жасақтау үшін бірлесуге шақырды: Ираққа қарсы басталған соғыстың 3 жылға толуына байланысты АҚШ-тың өзі мен Еуропада және Азия құрлықтарында мыңдаған халық наразылық білдірді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV