Мәскеуде белгісіз қаскүнемдер “Правда Беслана” интернет-сайтының бас редакторы әрі “Біріккен азаматтық майдан” қозғалысының лидері, атақты шахматшы Гарри Каспаровтың көмекшісі Марина Литвиновичті аяусыз соққыға жығып кетті. “Азаттық” радиосына берген сұхбатында М.Литвинович әлгі қаскүнемдердің өзінен ештеңені тонап алып кетпегенін мәлімдеді. Бұл қастандықты Марина “Беслан трагедиясы” мен “Норд-Ост оқиғасының” тәуелсіз тергелуімен байланыстырып отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?