Қазақстанның Демократиялық “Нағыз Ақ жол” партиясы ресми түрде тіркелді. Әділет министрлігінің тіркеу қызметі “Қазақстанның демократиялық “Нағыз Ақ жол” партиясы осы жылдың 17-нші наурызында мемлекеттік тіркеуден өткенін Жоғарғы Соттың азаматтық істер бойынша аппеляциялық алқасының отырысында хабарлады. “Нағыз Ақ жол” партиясының тең төрағаларының бірі, белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы, өзінің 2 серігімен бірге, 11-інші ақпан күні қастандықтан қаза болды. Оның қазасына байланысты “рұқсат етілмеген митингі ұйымдастырды” деген айып бойынша абақтыда 15 тәулік жазасын аштық жариялаумен өтеп жатқан партияның тағы бір лидері Болат Әбілов – жексенбі күні ауруханаға тап болды.