Accessibility links

Минскінің орталық алаңында оппозицияның митингіге шыққан 108 өкілі ұсталды


МИНСК. Бүгін Минскінің орталық алаңында беларусь оппозициясының 300-дей өкілі наразылық митингісін жалғастыру үстінде. Олар жексенбілік президент сайлауының қорытындысы бұрмаланды деп мәлімдеп, А.Лукашенконың 3 рет 5 жылдық мерзімге қайта сайланғаны туралы ресми қорытындыға қарсылық білдіруде. Оппозицияның сайлауға түскен үміткері А.Милинкевич халықты “...ақиқат пен әділдік жолындағы ұзақ күресін жалғастыра беру үшін” орталық алаңнан тарамауға шақырды. Наразылық ұйымдастыршылар 108-ге тарта адамды, оның ішінде А.Милинкевичтің бірнеше жақын көмекшісін ресми биліктің ұстағанын хабарлады. Бүгін Украина үкіметі ресми Минскіні наразылық білдірушілерге күш қолданудан аулақ болуға шақырды.
XS
SM
MD
LG