Accessibility links

Христиан дініне өткен ауған азаматы өліммен жазалануы мүмкін


Ауғанстан прокуратурасы христиан дініне өткені үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін Абдұл Рахман деген азаматтың ақыл-есі дұрыс болмауы мүмкін деп мәлімдеді. Абдұл Рахман христиан дініне осыдан 16 жыл бұрын өткен екен. Ауғанстан президентінің дін істері бойынша кеңесшісі Моуаддин Балуч бұл азаматтың есі дұрыс емес деп табылса ол қылмыстық тергеуден босатылады деді. АҚШ және тағы бір қатар елдің үкіметтері Ауғанстан үкіметіне қайырылып, Абдұл Рахманды қудалаудан босатып, діни еркіндік бостандығын сақтауға шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG