Беларус оппозициясы президент сайлауының қортындысына наразылық танытып, Минскте төртінші тәулік қатарынан демонстрация өткізіп жатыр. Жүздеген ереуілші астананың орталық алаңында жиналған, олар сайлау қайтадан өтсін деп талап қойып отыр. Полиция ереуілшілерге тиіскен жоқ, бірақ олардың кейбіреуін ұстап, соққыға жықты. Лукашенконың негізгі бәсекелесі, оппозиция басшысы Александр Миленкевич ереуілді жалғастыра беру керек дейді. Оппозицияның басқа жетекшісі Александр Козулин демонстрацияларды уақытша тоқтатып, сенбі күні үлкен шеру өткізген жөн дейді. Ресми мәлімет бойынша, президент Александр Лукашенко 82 пайыз дауыс жинап, тағы бес жылға қалды. АҚШ пен Еуропа Одағы сайлау бұрмаланды дейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?