Accessibility links

Ауғанстан президенті Хамид Қарзай үкімет құрамын жаңарту жоспарын бастады


Сыртқы істер министрі қызметін төрт жыл атқарған Абдулла Абдулланың орнына министр болып Рангин Дадфар Спанта тағайындалды. İшкі істер министрінің міндетін уақытша атқарып келген Зарар Ахмад Мұқбил осы қызметке бекітілді. Ауғанстанның әйелдер ісі жөніндегі министрі болып Сурая Рахин Субхранг тағайындалды. 25 адамдық Министрлер кабинетінде бұрынғы үкімет құрамынан 14 министр ғана қалды. Енді президент тағайындаған министрлерді Ауған парламенті мақұлдауы тиіс.
XS
SM
MD
LG