Accessibility links

Испаниядағы ЕТА баск-сепаратистік тобы бітімгершілікке келу ниеттерін жариялады


ЕТА тобының мұндай мәлімдемесі жазылған видеотаспа кеше Баск аймағының теледидарынан көрсетілді. Қарулы қақтығыстарды тоқтатып, тұрақты бітімгершілік қадамы наурыздың 24-інен басталады делінген онда. Испанияның премьер-министрі Запатеро басктердің мұндай шешімін құптап қарсы алып, бұл процес ұзаққа созылар және ол оңай болмас деп атап көрсетті. Испанияның солтүстігі мен Францияның оңтүстік-батысында тәуелсіз ел боламыз деп науқан жүргізген 40 жылдық кезеңде ЕТА тобы 800-дей адамның өліміне жауапты делінеді.
XS
SM
MD
LG