Accessibility links

Минскіде наразылық акциясы жалғасуда


Беларус астанасындағы орталық алаңда 19-наурызда өткен сайлауда А.Лукашенконың президент болып, қайта сайланғанына наразылық білдірушілердің акциясы төртінші түнге ұласты. Оппозиция дауыс беру нәтижелері бұрмаланып, қолдан жасалды деп айыптайды. Полиция жүзден астам адамды тұтқындады. Ұсталғандардың бірі «Азаттық» радиосының Беларус редакциясына берген сұхбатында былай дейді:

- Олар мені соққыға жықты, мен алаңға Беларусь үшін келдім денемнің көгергені мен жараланғаным тоқтата алмайды, мұнда менің бауырларым да тұр.

Сайлауда оппозициялық басты кандидат болған Александр Миленкевич өз жақтастарын сенбі - 25 наурыз күні жаппай шеруге шығуға шақыруда.
XS
SM
MD
LG