Accessibility links

Ауған елбасы Хамид Қарзай християндықты қабылдаған Ауған азаматының өлім жазасына байланысты істе адам хұқықтарының толық сақталатындығына сендірді


Бұл жөнінде Қарзай мырзаның телефон арқылы әңгімеде өзін сендіргендігін Канада өкімет басшысы Стефен Харпер ресми мәлімдемесінде айтты. Осы жағдайға орай Ауғанстанның Құрама Штаттарындағы елшілігі арнайы мәлімдеме жариялады. Ол мәлімдемеде Ауған заң жүйесінің Абдул Рахман деген әлгі азаматтың ақыл-есінің дұрыстығын тексеретіндігі айтылған. Осы іске орай БҰҰ-ы және Құрама Штаттар, Германия, Италия, Аустралия елдері алаңдаушылықтарын білдіріп отыр.
XS
SM
MD
LG