Accessibility links

Беларус ресми басшыларына қарсы тиым шараларын қолдануды оған көрші елдермен Еуропа одағы бүгін ақылдасуда


Бұл тиым шараларының бірі ретінде жоғарғы лауазымды Беларус басшыларының кең тұрғыда сапарға шығу визасына шектеу қою қарастырылуда. 19-шы наурыздағы елбасылық сайлаулардың ресми қорытындысында Александр Лукашенкоға 83 пайыздық көрсеткіштің берілгені елде кең тұрғыдағы наразылық шараларына итермелеген болатын. Сайлаулар әділетсіз өтті, дейді халықаралық қауымдастық. Беларус хұқық қорғаушыларының айтуынша, 5 күн ішінде 250-дей шеруші тұтқындалған. Олардың кейбірі бостандыққа шығарылған. Сәрсенбінің кешінде Минскідегі Октябрь алаңына бірнеше мыңдаған шерушілер жиналған болатын. Бүгін таңертең олардың саны 200-дің маңайында болды. Оппозиция басшысы Александр Милинкевич шерушілерді бүгін ынтымақтастыққа шақырды.
XS
SM
MD
LG