Accessibility links

Ирақта батыстық үш азамат кепілдіктен босатылды


Бұл жөнінде Британия Сыртқы істер министрі Жак Строу Лондондағы баспасөз мәслихатында:

“Осындай қорытындыға қол жеткізе алулары Ирақтағы халықаралық күштер мен Ирақ күштерінің кәсіби шеберлігін көрсетеді. Және мұның өзі көптеген елдерден келген әскери және азаматтық жасақтардың біртұтас топ ретінде бірлесе қимылдауының нәтижесін көрсетіп отыр”, - деді.

Өткен қараша айында екі канадалық және бір британдық азамат Бағдатта кепілдік тұтқынға түсіп қалған болатын. Екі канадалыққа дәрігерлік көмек қажет көрінеді. Сондай-ақ Бағдаттағы полицияның бас пәтері сыртында болған көліктегі жарылыстан кем дегенде 25 адам қаза болып, 32-сі жараланған. Олардың көпшілігі полиция қызметкерлері екен. Ирақта бүгін тағы 6 адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG