Accessibility links

Европа одағы мен АҚШ Беларус билігіне қарсы жаңа санкциялар салуды көздейді


Брюсселдегі саммитке қатысушылар 19-наурызда Беларуста болған президенттік сайлаудың өрескел заң бұзушылықтармен өткендігін тағы мәлімдеді. Евродақтың қазіргі төрағасы - Австрияның сыртқы істер министрі Урсула Плассник Беларус басшыларының Одақ елдеріне келуіне қосымша шектеулер қойылады дей келе, тұтқындалған шерушілердің босатылуын талап етеміз деді.

- Біз қамалған демонстранттардың тез арада босатылуын және Беларус билігінің алдағы уақытта бейбіт шерулерге қарсы күш қолданбауын талап етеміз.

Ақ үйдің өкілі Скот Макклеллан Америка да дәл сондай шаралар қабылдайды, бұған қоса Беларусқа қарсы қаржылық санкциялар қолданатын болады деп атап көрсетті. Евродақ пен АҚШ жұмаға қараған түні Минскінің орталық алаңындағы демонстранттардың күшпен қуып, таратылуын айыптады.
XS
SM
MD
LG