Accessibility links

Беларусь оппозициясы президент Лукашенконың қызметтен кетуін талап етті


Бүгін Беларусь астанасы Минскідегі орталық алаңға оппозицияны қолдаушы мыңдаған адам шығып, президент Лукашенконың қызметтен кетуін талап етті. Янка Купала алаңына келген жұрт алдында сөйлеген оппозиция жетекшісі А.Милинкевич Беларусь елінің азаттығы үшін күресетін халықтық қозғалыстың құрылғанын жариялады. Шеруге дейін А.Милинкевич тілшілерге былай деген болатын:

- Мемлекетті бұлай басқаруға болмайды. Халықпен өзара кеңес, мәміле, серіктестік байланыс қажет. Бірақ ресми басшылық оның не екендігін ұмытқан. Бұл – соңғы сынақ, соңғы ескерту. Бірақ біз Бастилия секілді соғыс әрекетімен емес, бейбіт жолмен күресеміз.

Шеру Октябрь алаңына жоспарланған болатын. Бірақ полиция жұрттың жолын кесті.
XS
SM
MD
LG