Олар сөйтіп сейсенбіде болатын жалпы сайлау алдындағы қауіпсіздікті жіті қадағалау шараларын қолға алмақшы. Израилдың полиция өкілінің айтуынша, бұл мақсатқа 22 мың жасақ пен офицер жұмылдырылған. Ол Израил жағы палестиндіктер бірқатар шабуылдар жасауы мүмкін деген ескерту-хабарлар алды дегенді айтады. Бірақ нақты қандай нысандар көзделетіндігі анық емес.