Accessibility links

Украина Парламенттік сайлауларындағы дауыстың 25 пайызы бүгін есептеліп бітті


Бұл жөнінде Украйна Орталық сайлау комиссиясы хабарлап отыр. Осы комиссия веб парақшасында жарияланған мәліметтерге қарағанда, ресейшіл Виктор Януковичтің Аймақтар партиясы 26 пайыз дауысқа ие болған. Ал, келесі бұрынғы өкімет басшысы Юлия Тимошенконың партиясы 23,6 пайыз дауыс жинақтаған. 17,2 пайыздық көрсеткішпен елбасы Виктор Юшенконың Біздің Украйна партиясы үшінші келеді. Социалистер болса 7,5 пайыз дауыс жинақтаған. Янукович өз кезегінде өкімет жасақтауға әзір екендігін айтқан еді. Алайда Юля Тимошенко:

“Қазіргі кезде біздің партиямыз бен Социалистер және Біздің Украйна партиялары коалициялық өкімет құру ісінде толық келісімге келді”, - деген еді.

Ал, Юшенконың бас кеңесшісінің айтуынша, толық ресми қорытынды шықпайынша, мұндай келісімдер жасалмақ емес.
XS
SM
MD
LG