Accessibility links

АҚШ мешітте болған зорлық-зомбылықты жоққа шығарды


Ирақтың Шииттер Альянсы жексенбі күні Бағдадта шииттердің қасиетті ғимаратында қарусыз адамдарды өлтірді деп АҚШ әскерін кінәлады. Шииттер альянсының мәлімдемесіне қарағанда, АҚШ күштері ел бақылауын Ирақ үкіметіне қайтаруға тиіс. Бағдадта орын алған ол оқиға туралы қарама-қайшы хабарлар таралған болатын. АҚШ әскерінің айтуынша, қасиетті жердің жанында болған операцияда Ирақ күштері АҚШ кеңесшілерінің қолдауымен 16 бүлікшіні өлтірген. Бірақ шииттердің радикалды тұлғасы Моқтада әл-Садрдың жақтастары АҚШ әскері негізсіз 20 шиитті өлтірді дейді. Осы оқиғаға байланысты Бағдад әкімі Хуссейн әл-Таһан тәуелсіз тергеу өткізілуін талап етіп, АҚШ күштерімен ынтымақтастығын тоқтатты. Ал АҚШ әскері Ирақтағы шиит саясаткерлерінің ашу-ызасын шығарған АҚШ қолдауындағы әскери операция барысында ешқандай мешітке зиян келтірілмеді деді.

Басқа да хабарларға қарағанда, Бағдадта белгісіз қарулы адамдар сауда компаниясының 16 қызметкерін ұрлап әкетті. Сонымен қатар Рамади қаласында жергілікті университеттің президенті ұрланды. Ал бұдан бұрын Мосул қаласына жақын жерде орналасқан әскери базада жарылыс болып, кемінде 40 адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG